Францияның оңтүстігінде қатты дауыл соғып, жаңбыр селдетіп, 8 мыңнан астам үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Табиғат апаты кезінде 11 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Алайда толассыз жауын операцияға кедергі келтіруде. Нөсерден Бореон өзеніндегі көпір опырылып құлады. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Аймақта пойыздар жүрісі тоқтатылып, әуе рейстері кейінге шегеріліп жатыр. Қауіпсіздік мақсатында мектептер мен сауда орталықтары жабылған. Теңізге жақын жатқан Альпі тауы аймағында қауіптің ең жоғарғы қызыл түсі жарияланды.