428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Әлемде апта сайын коронавирусты 2 млн-нан астам адам жұқтыруда

  • 143
ДДСҰ: Әлемде апта сайын коронавирусты 2 млн-нан астам адам жұқтыруда

Әлемде апта сайын коронавирусты 2 миллионнан астам адам жұқтырып алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді. Ұйым басшысының Тедрос Гебрейесустың айтуынша, кей мемлекеттерде індет күшейіп, адамдардың дертті жаппай жұқтыруы тіркелсе, бір елдер шұғыл шаралар қабылдап вирустың таралуына тосқауыл қоя білген. Осығна байланысты халықаралық құрылым әлем елдеріне індетпен бірлесіп күресудің маңыздылығын тағы қайталады. 

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

– Қазір эпидемияға қарсы күрестің шешуші кезеңі. Әбір елдің көшбасшысын дерттің таралуын тоқтатуға бағытталған іс-әрекетті күшейтіп, адамдардың өмірін сақтап қалу үшін шараларды қабылдауға шақырамыз. Қазіргі қиын-қыстау кезеңді өтудің ең тиімді жолы бірлесіп әрекет ету деп санаймын.

Ал дүние жүзінің кей елдерінде індеттің таралуы күшейегеніне қарамастан шектеу шараларын қатаңдатудан бас тартып отыр. Мысалы, Үндістанда вирусты жұқтырғандар саны 6 жарым миллионға жуықтап, дерттен қаза тапқандар 100 мыңнан асқан. Осыған қарамастан билік экономиканы негізге алып, шектеу шараларын жеңілдетуді жалғастыруда.

Хабар 24 телеарнасы