427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Ресейде шектеулер қатаңдатылуы мүмкін

  • 139
COVID-19: Ресейде шектеулер қатаңдатылуы мүмкін

Ресейде індеттің таралуының қайта күшеюіне байланысты жаңа шектеулер енгізу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дертті жұқтырғандар Мәскеу, Санкт-Петербург қалалары мен Ростов облысында көптеп тіркелуде. Ресей астанасында соңғы бір тәулікте вирусты 2 мың 700 адам жұқтырып алған. Билік егер халық шектеулерді орындамай, ауруханаларға түскен адамдардың саны артатын болса қатаң карантин енгізілуі мүмкін деп отыр. Балалардың ұзақ уақыт демалысынан кейін қашықтан оқу мәселесі де қарастырылуда. Эпидемологиялық жағдай нашарласа, қазанның 19-ынан бастап мектептер қайтадан онлайн оқу режиміне көшуі ықтимал.

БЛИЦ:

– Вирустан қорғану үшін арақашықтықты сақтап, бетперде тағып жүремін. Метрода адамдар отырса, тұрып тұруға тырысамын.

– Қазір індеттің екінші толқыны жүріп жатыр деп ойлаймын. Тек ол көктемдегідей қатты болмаса игі еді. Шамам келгенше бетперде тағып жүруге тырысмын.

Жалпы Ресейде қыркүйек айынан бері коронавируспен ауырғандар саны 2 есе өскен. Мәскеуде бұл көрсеткіш 4 есе артқан. Қала билігі жағдайдың қиындай түскенін айтады. Мәскеуде күн сайын 80 мың тест өткізілуде. Тексеріс мемлекеттік зертханалармен бірге жекеменшік орталықтарда да жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы