432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда жарылыстан 15 адам қаза тапты

  • 159
  • UPD: 22:04, 03.10.2020
Ауғанстанда жарылыстан 15 адам қаза тапты

Ауғанстанның Нангархар провинциясында жарылыс болып, 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 50-ге жуық кісі жарақат алды. Лаңкестік әрекет Гани Кхил округіндегі провинция губернаторы отыратын ғимаратқа жақын жерде ұйымдастырылды. Содырлар бомба жасырылған көлікті жарып, губернатордың резиденциясына шабуыл жасаған. Бірақ қауіпсіздік күштері лаңкестерге тойтарыс берді. Шабуылды кімдер жүзеге асырғаны әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы