428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Черногория Еуропада коронавирус ең көп таралған елге айналды

  • 119
  • UPD: 22:43, 03.10.2020
Черногория Еуропада коронавирус ең көп таралған елге айналды

Черногория Еуропада коронавирустың таралуы бойынша алдыңғы орынға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік-шығыс Еуропадағы шағын елде вирус жұқтырғандар 11700-ге жуықтаған. Бұл дегеніміз, 100 мың тұрғынға шаққанда 1700-ге жуық адам дертке шалдыққанын білдіреді. Бірақ мамандар науқастардың саны ресми деректен 3 есе артық деп отыр. Черногория билігі елде коронавирус жұқтырғандар барын біраз уақыт мойындамай келді. Шенеуніктер туристік маусым мен парламенттік сайлау алдында мемлекетті «коронавирустан таза аймақ» деп жариялаған еді.

Хабар 24 телеарнасы