432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Камчатка жағалауында теңіз жануарларының қырылуы тіркелді

  • 169
  • UPD: 23:23, 03.10.2020
Камчатка жағалауында теңіз жануарларының қырылуы тіркелді

Ресейдің Камчатка өлкесінде теңіз жануарларының көптеп қырылуы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жағалауда жергілікті тұрғындар түсірген бейнежазбадан өлген балық, шаян, сегізаяқ, итбалықтарды көруге болады. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, олардың өліміне судың химиялық ластануы әсер етуі мүмкін. Аймақтағы Табиғатты бақылау қызметінің өкілдері мұхиттың суы мен өзге де нысандардан сынама алып, тексеруге кірісті.

Хабар 24 телеарнасы