427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда көшеде маска тағып жүру міндеттелді

  • 93
  • UPD: 10:37, 04.10.2020
Италияда көшеде маска тағып жүру міндеттелді

Италияда коронавирустың күшеюіне байланысты Римде көшеде бетперде тағып жүру тәртібі қайта енгізіледі.

Шара дүйсенбіден бастап күшіне енеді. Шешімге сәйкес бетпердені тағу 6 жастан жоғары тұрғындардың бәріне міндеттелмек. Тәртіп бұзғандарға 400 еуро айыппұл салынады.

Айта кетейік, Италияда бұған дейін бетпердені тек жабық қоғамдық орындарда тағып жүру міндетті болған. Ал ресми дерек бойынша Апеннин түбегінде індет таралғалы 320 мыңға жуық адам вирусты жұқтырып, 35 мыңнан астам науқас қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы