429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда орман өрті өршіп тұр

  • 100
  • UPD: 11:47, 04.10.2020
Калифорнияда орман өрті өршіп тұр

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті әлі жалғасуда. Лаулаған жалын 1 жарым милион гектардан астам жерді күлге айналдырған.

Табиғи апаттан 32 адам қаза тапты. 600-ден астам үй мен ғимаарт жанып, мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды. Тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші күресуде. Соңғы күндері кей аудандарда желдің соғуы басылып, жалынды сөндіру біршама жеңілдеген. Билік бұл штат тарихындағы ең ірі орман өрті екенін айтады. Мамандар оған климаттың жылынуы себеп деген пікрде.

Хабар 24 телеарнасы