429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия халқы бірігу күнін атап өтіп жатыр

  • 115
  • UPD: 13:51, 04.10.2020
Германия халқы бірігу күнін атап өтіп жатыр

Германия халқы бұл күндері ұлттық мереке - бірігу күнін атап өтіп жатыр. 1990 жылы 3 қазан күні ГФР мен ГДР болып екі бөлінген неміс халқы қайта біріккен.

Биыл атаулы күнге 30 жыл толып отыр. Мерейтойға орай басты салтанатты шара Потсдам қаласында өтті. Оған Президент Штайнмайер мен канцлер Ангела Меркель қатысты. Бірақ індеттен шағын концерт пен көрмелер ғана ұйымдастырылды. Адамдар негізінен түрлі безендіру мен стендтер қойылған Экспо павильондарына жиналды. Қалада Германия тарихын бейнелейтін мониторлар қойылған.

БЛИЦ:

  1. Бұл біз үшін өте маңызды күн. Бір ұлтты екіге жарған қабырғаны құлатып, бауыр болып бірге өмір сүріп жатқанымызға 30 жыл болды. Бұл Германия ғана емес, бүкіл әлем үшін мәні зор тарихи оқиға. Көрмелерді аралап шықтық. Әсіресе Бранденбург аймағы ұйымдастырған бұрыш ұнады.
  2. Мен Шығыс Германияданмын. Кеңестік дәуірде ол жақтағы өмірдің қандай болғанын жақсы білемін. Қартайсам да бәрі есімде. Сондықтан бұл күн мен үшін өте маңызды. Барлық бауырларды осынау мерекемен құттықтаймын.
Хабар 24 телеарнасы