Ұйытқыған жел алдымен Мексиканың шығысындағы Юкатан түбегін басып өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сағатына 110 шақырым жылдамдықпен соққан дауыл үйлердің шатырларын ұшырып, талдар мен электр бағаналарын құлатты. Дауылмен бірге жауған жаңбырдан елді мекендерді су басты. Ауа райын болжаушылар алдағы уақытта су тасқыны мен лай көшкіні көбейетінін ескертіп жатыр.