432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чилиде полиция қатігездігіне қарсы шеру өтті

  • 232
  • UPD: 20:36, 04.10.2020
Чилиде полиция қатігездігіне қарсы шеру өтті

Чили астанасында тағы шеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы халық Сантьягоның орталық көшесіне полицияның әрекетіне наразылық таныту үшін шықты. Бірақ тәртіп сақшылары күш қолданып, шеру қақтығысқа ұласты.

Наразылық шарасына жұма күні өткен митингтегі оқиға түрткі болды. Ол кезде бір полицей жас шерушіні көпірден итеріп жіберген. Халық енді кінәліні жазалап, полицияның қатыгездігін тоқтатуды талап етті. Чилиде наразылық акциясы өткен жылдың қазан айынан бері жалғасып келеді. Жұрттың жаппай шеруге шығуына студенттер үшін метрода жүру ақысын өсіру түрткі болған еді. Кейін халық үкіметке өзге де әлеуметтік-экономикалық талаптар қоя бастады.

Хабар 24 телеарнасы