432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Үндістанда келесі жылдың ортасына дейін 250 млн адам егілмек

  • 71
  • UPD: 08:27, 05.10.2020
COVID-19: Үндістанда келесі жылдың ортасына дейін 250 млн адам егілмек

Үндістан билігі келесі жылдың шілде айына дейін коронавирусқа қарсы 250 миллион адамды екпек ниетте.

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрі Харш Вардхан мәлімдеді. Оның айтуынша, вакцина алдымен дерт ең қауіпті саналатын халықтың осал топтары мен медициналық қызметкерлерге егілмек. Қазір елде COVID-19-ға қарсы 3 вакцина сынақтан өткізілуде.

Еске сала кетейік, Үндістан әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында. Бұл мемлекетте індет басталғалы вирусты 6,5 милионнан астам адам жұқтырып, олардың 100 мыңнан астамы қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы