432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венецияны енді су басып, халық әбігерге түспейтін болды

  • 183
  • UPD: 08:55, 05.10.2020
Венецияны енді су басып, халық әбігерге түспейтін болды фото: rg.ru

Италияның Венеция қаласын енді су басып, халық әбігерге түспейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені өткен күні туристік шаһарды теңіз суының толуы мен толқындардан қорғайтын электр-механикалық бөгет сынақтан сәтті өтті. Қорғаныш бөгет 130 сантиметрге көтерілген суды қалаға қарай өткізбеді.

Айта кетейік, Венеция шаһарын судан қорғауға арналған бұл нысанның құрылысы 2003 басталып биыл жаз айында аяқталған. Ол 3 метр биікке дейінгі судан қорғауға есептелген. Ал ресми дерекке қарағанда, Венецияда ең ірі су тасқыны 1966 жылы болған екен. Ол кезде теңіз суы 2 метрге дейін көтерілген.

Массимо Миланезе, дәмхана қожайыны:

- Бұл тарихи сәт. Себебі, мына бөгет болмаса, қазір осы жерді су басып жатар еді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бәрі құрғақ.

Хабар 24 телеарнасы