427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда электрлік көк түсті көзге ие тайпа табылды

  • 249
  • UPD: 11:19, 05.10.2020
Индонезияда электрлік көк түсті көзге ие тайпа табылды https://www.instagram.com/geo.rock888/

Таңқаларлық бұл аномалияға бүкіл әлем таңдануда.

Бір өкініштісі, мұндай әдемі көздің ерекше түсіне себеп – денсаулықтағы ақау.

Бутон деп аталатын бұл тайпа өкілдері Сулавесидің оңтүстік-шығысын мекендейді екен. Жергілікті тұрғындардың сыртқы кейпі фэнтези стиліндегі суреттерден алынған тәрізді.

Ерекше сұлу көз иелерін индонезиялық геолог Корчина Пасариб тапқан. Ол 17 қыркүйекте Бутон аралына барып, жергілікті тұрғындарды суретте таспалап алған.

Геолог 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Индонезияның ауылдық өңірлеріндегі өмірді суретке түсіруге қызыққан. Ол Индонезиядағы тайпалардың өкілдерін зерттеп, олардың мәдени мұраларына ерекше көңіл аударады. Таңғажайып көк көзді тайпаны тауып алған ол ерекше шабыттанып кетеді.

Тылсым жаратылысты байқаған геолог: «Көк түсті көз ерекше әрі әдемі. Тіпті бұл менің шабытыма айналды. Мен үшін көк түс – көздің ең сүйікті түсі», – деп баяндайды.

Оның айтуынша, тайпа өкілдері фотосуретке түсуге қарсылық білдірмеген. Керісінше бұл ұсынысты қуана қабылдаған. Фотограф-геолог олардың ақжарқын, сыпайы екендігін және фотоға түсуден ұялмайтындығын айтады.

Хабар 24 телеарнасы