430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде бір тәулікте 10 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

  • 189
  • UPD: 11:09, 05.10.2020
Ресейде бір тәулікте 10 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Ресейде мамыр айынан бері алғаш рет бір күнде COVID-19 дертін жұқтырғандардың саны 10 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал өңірлерге бөлсек, ең көп науқас Мәскеуде тіркелді. Олардың саны  – 3327. Індеттің дендеуіне байланысты Мәскеу қаласының әкімшілігі компанияларды қызметкерлерінің 30%-ін қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруға міндеттеді. Қала тұрғындарының көбісі қайтадан қатаң шектеу шаралары қабылданады деп қауіптенуде.

Александр, Мәскеу қаласының тұрғыны:

- Ауруды жұқтыру көрсеткіштеріне қарағанда, індеттің екінші толқыны болатын түрі бар. Сақтануымыз керек, егде жастағы кісілер мүмкіндігінше үйлерінен шықпауы керек. Дүкендерде, метро мен қоғамдық көлікте қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Менің ойымша, Мәскеу тұрғындары дайындалып, осы індетті жеңуі тиіс.

Ұлыбританияда жоғары оқу орындарының бірінде 770 студенттен коронавирус анықталды. Бұл Ньюкасл қаласында Нортумбрия университетінде өткен тестілеуден кейін белгілі болды. Көбісі симптомсыз ауырған, дерт белгілері байқалған науқастардың саны бір жүзге де жетпейді. Дегенмен, олардың бәрі жатақханадағы бөлмелерінде 14 күнге оқшауланды. Жалпы бұл елдегі ең ірі індет ошақтарының бірі. Ұлыбританияда сабақ басталғаннан кейін 50 жоғары оқу орнында коронавирусты жұқтыру оқиғалары тіркелді. Жалпы соңғы бір тәулікте елде 12872 науқас анықталды. Бұл індет басталғалы ең жоғары көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы