427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мекке зиярат етушілерді қабылдауды бастады

  • 95
  • UPD: 11:44, 05.10.2020
Мекке зиярат етушілерді қабылдауды бастады

Сауд Арабиясы зиярат етушілерді қабылдай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеті айға созылған тыйымнан кейін жергілікті билік кіші қажылық рәсімдерін орындауға қайта рұқсат беріп отыр. Билік өкілдерінің айтуынша, Ұмра маусымы кезең-кезеңімен ашылады. Әзірге оны тек жергілікті халық пен эмигранттар атқара алады екен.

Ал 1 қарашадан бастап, кіші қажылық рәсімін орындауға шетелдіктерге де рұқсат берілмек. Айта кетейік, індет кесірінен тек мыңға жуық мұсылман қажылық жасады.

Хабар 24 телеарнасы