428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таулы Карабахтың астанасы Степанакерт оқ астында қалды

  • 150
  • UPD: 12:35, 05.10.2020
Таулы Карабахтың астанасы Степанакерт оқ астында қалды

Өзін республика деп жариялаған Таулы Карабахтың астанасы Степанакерт оқ астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мойындалмаған мемлекеттің Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, шабуылды Әзербайжанның қарулы күштері жасапты. Салдарынан тұрғын үйлер қирап, бүкіл қала жарықсыз қалған. Бұдан бөлек, бірнеше азаматтың мерт болғаны да белгілі болды. Сәл кейінірек Армения үкіметіне қарасты ақпарат орталығы да мәлімдеме жасап, Степанакерттің қайтадан соққы астына алынғанын жеткізді. Мойындалмаған Таулы Карабах республикасы омбудсменінің сөзінше, атыстан 4 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Ондаған азамат зардап шеккен көрінеді.

Ал, Баку тарапы болса, Гянджа қаласы мен тағы бірнеше елді мекенге шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Әзербайжан президентінің көмекшісінің айтуынша, одан 32 азамат қайтыс болған.

Айта кетейік, бұған дейін елдің бас прокуратурасы қыркүйектің 4-і мен қазанның 4-і аралығы болған Таулы Қарабақтағы шиеленістен 24 кісінің көз жұмып, 111 адамның жарақат алғанын хабарлаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы