430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ереванға көлік реформасы қажет

  • 71
  • UPD: 15:49, 05.10.2020

Армения астанасында қала көшелері арзан шетелдік көліктерге толып, қозғалыс қиындаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көптігі соншалық, дилерлер шаһардағы қоғамдық тұрақтарда көлік базарын ұйымдастыруға көшкен.Осыған байланысты сарапшылар Ереванда көлік реформасын жүргізу қажеттігін айтып жатыр.

Лаура Жүсіпбекова, тілші:

- Арменияда ескі көліктердің көбейгені соншалық, шетелдік машиналардан шаһардың тынысы тарылды. Қозғалыс көбейген шақта жүріп-тұру тіпті мүмкін емес. Ақылы тұрақта орын табу қиын. Қала әкімшілігі көлікке қатысты реформаны қолға алды. Басты мәселеқоғамдық көліктердің жүрісін реттеу.

Қаладағы көлік сататын базарларда орын жетіспейді. Сондықтан адамдар машиналарын тұрақтарда сатуды әдетке айналдырған. Оларды қала шетінде ғана емес шаһар орталығынан да кездестіруге болады. Өткен жылы Арменияға шетелден 190 мың көлік әкелінген екен. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда үш есе көп.

Акоб Карапетян, Ереван қаласы мэрінің баспасөз хатшысы:

- Қаладағы көлік қозғалысы мәселесі қоғамдық көліктердің жағдайымен байланысты. Олардың сапасының төмендігінен адамдар жеке көлікпен жүруді қалайды. Салдарынан жолда кептелістер көбейіп, тұрақ жетіспейді. Сондықтан қоғамдық көлік жүйесін дұрыс құруды қолға алып жатырмыз.

Қала билігі мәселені шешу үшін автобус паркін жаңалауды бастаған. Жуық арада шаһар көшелеріне 100 жаңа автобус шығуы тиіс.

Акоб Карапетян, Ереван қаласы мэрінің баспасөз хатшысы:

- Қоғамдық көлік мәселесі шешілген соң өзге түйткілдерді қарауға кірісеміз. Мысалы, шаһар орталығына жекеменшік көліктердің кіруіне шектеу қоюға болады.

Қала билігі қоғамдық көлік тұрақтарын көлік базарына айналдырғандарға тариф алымдарын өсірмек. «Осындай шарадан кейін қала орталығында тұраққа тоқтап, көлігін сатушылар қарасы азаю тиіс», деп отыр.

Авторлары: Лаура Жүсіпбекова, Тигран Галстян, Давит Атаян

Хабар 24 телеарнасы