432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Камчаткадағы апаттың алдын ала себебі жарияланды

  • 130
  • UPD: 12:58, 05.10.2020
Камчаткадағы апаттың алдын ала себебі жарияланды фото: rbc.ru

Камчаткада судың ластануы мен теңіз жануарларының көптеп қырылуына техногендік ластануы себеп болуы мүмкін.

Бұл туралы өлке губернаторы Владимир Солодов хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі таңда экологиялық апаттың үш себебі қарастырылып жатыр. Біріншісі – адам қолымен жасалған ластану, екіншісі – қандайда бір заттардың төгілуі, үшіншісі – сейсмикалық белсенділік. Ал «Камчатгидромет» басшысы Вера Полякованың сөзінше, өлі жануарлардың теңіз жағалауына шығып қалуына дауыл мен қатты толқын әсер еткен болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы