429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгіннен бастап Қазақстаннан Түркияға әуе рейстері қысқартылды

  • 106
  • UPD: 13:33, 05.10.2020
Бүгіннен бастап Қазақстаннан Түркияға әуе рейстері қысқартылды

Шет мемлекеттерде эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты елімізде жаңа шектеулер енгізілді. Бүгін, 5 қазаннан бастап Түркияға әуесапарлар саны қысқартылады. Сондай-ақ өзге елдерге де жаңа рейстер қосылмайды. Коронавирустың таралуы бойынша екінші санаттағы елдерден келетін жолушылардың қолында тест қортындысы болуы тиіс. Анықтаманың жарамдылығы небәрі 3 күн. Егер мерзімі өтіп кеткен болса, жолаушы 2 күнге оқшауланады. Стационарда қажетті сынама тапсырады. Оң нәтиже көрсеткен жағдайда инфекциялық ауруханаға жатқызылады. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдер мен Өзбекстаннан көлікпен келетін жолаушыларға да осындай талап қойлады. Олар шекарадағы бақылау-өткізу пункттерінде тексеріледі.

Хабар 24 телеарнасы