428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда жүк көлігі базарға соғылып, алты адам қаза тапты

  • 93
  • UPD: 14:16, 05.10.2020
Қытайда жүк көлігі базарға соғылып, алты адам қаза тапты

Қытайдың Ганьсу провинциясында жүк көлігі ауылшаруашылық базарына соғылды.

Оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алды, деп хабарлады Синьхуа.

Апат Динси қалалық округіндегі Чабучжэнь ауылының маңында болды. Жүргізуші белгісіз себептермен жүк көлігін басқара алмай қалған.

Бес адам оқиға орнында көз жұмды, алтыншы адам ауруханада қайтыс болды. Зардап шеккен 14 адамның бесеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Хабар 24 телеарнасы