427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медицина саласындағы Нобель сыйлығы С гепатиті вирусын ашқандарға табысталды

  • 107
  • UPD: 16:01, 05.10.2020
Медицина саласындағы Нобель сыйлығы С гепатиті вирусын ашқандарға табысталды

2020 жылғы Медицина және физиология саласындағы Нобель сыйлығы Майкл Хотон, Харви Альтер және Чарльз Райсқа берілді.

Олар С гепатиті вирусын тапқандары үшін жүлдеге ие болды.

Өткен жылы медицина саласындағы Нобель сыйлығы британдық сэр Питер Рэтклиф пен америкалық кіші Уильям Келин мен Грегг Семенцаға табысталған болатын. Олар жасушалардың қоршаған ортадағы оттегі деңгейінің өзгеруіне қалай жауап беретінін және бейімделетінін зерттеді.

Нобель апталығы медицина саласындағы лауреатты жариялаумен ашылды. Физика саласы бойынша жүлдегерлер сейсенбіде, премияның химия саласы бойынша иегерлері сәрсенбіде, ал әдебиет саласы бойынша жүлдегерлер бейсенбіде белгілі болады. Ал жұма күні әлемдік Нобель сыйлығын кім алатындығы анықталады. 12 қазанда Нобель сыйлығының экономика саласындағы иегері белгілі болады.

Еске салсақ, Нобель сыйлығының иелеріне 1 млн доллардан беріледі.

Сондай-ақ Швециядағы коронавирустық жағдайға байланысты 1944 жылдан бері алғаш рет Нобель сыйлығының салтанатты рәсімі онлайн форматта өтеді.

Хабар 24 телеарнасы