427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде жаңа оқу жылы басталды

  • 72
  • UPD: 17:36, 05.10.2020
Филиппинде жаңа оқу жылы басталды

Филиппинде пандемияға байланысты екі рет кейінге қалған жаңа оқу жылы басталды. Енді жиырма миллионнан астам оқушы қашықтан білім алады.

Билік өкілдері мұндай қадамға індеттен қауіптенген соң барған. Мектептер коронавирустың жаңа ошағына айналуы мүмкін. Ел президенті Родриго Дутертенің айтуынша ковид-19 ға қарсы вакцина пайда болғанда ғана оқушылар мектепке оралады. Әзірге сабақ үш нұсқада - теледидар арқылы, онлайн және басып шығарылған материалдармен модульді оқыту жүйесі қарастырылған. Десе де, сабақтың бірінші күні-ақ балалар интернет сапасы төмен болғандықтан пәндерге қосыла алмаған.

Айта кетейік, Филиппин бүгінде коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасында көш бастап тұр.

Ирен Андрес, ата-ана:

- Онлайн сабақ өте қиын болып жатыр. Ұстаздар жіберген сілтемеге қосыла алмаймыз. Өйткені балам қарапайым телефон ұстайды. Оның үстіне интернетіміз де жоқ. Әзірге көршілердің вай-файына қосылып жүрміз.

Хабар 24 телеарнасы