427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда губернатор кортежіне шабуыл жасалды: құрбан болғандар бар

  • 89
  • UPD: 17:50, 05.10.2020
Ауғанстанда губернатор кортежіне шабуыл жасалды: құрбан болғандар бар

Ауғанстанда Лагман провинциясының губернаторы Рахматулла Ярмалдың кортежіне шабуыл жасалып, сегіз адам қаза тапты.

Оқиғадан тағы 38 адам жарақат алды, деп хабарлады TOLO News.

Губернатордың ресми өкілі жарылыс дүйсенбі күні таңертең жоғары лауазымды шенеунік үйінен орталық провинцияға жұмысқа бара жатқан кезде жанкешті-террористердің ұйымдастыруымен болғанын айтты. Ярмал қастандықтан аман қалды.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің айтуынша, қаза тапқандар арасында губернатордың төрт күзетшісі мен төрт бейбіт тұрғын бар. Ал зардап шеккен 38 адам – бейбіт тұрғындар.

Хабар 24 телеарнасы