428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Табиғаттың тосын мінезі әлем елдерін әбігерге түсірді

  • 153
  • UPD: 21:52, 05.10.2020
Табиғаттың тосын мінезі әлем елдерін әбігерге түсірді

Әлем елдерін коронавирустан бөлек табиғи апаттар әбігерге салды. 

Францияның оңтүстігінде су тасып, төрт адам көз жұмды. Тағы сегіз тұрғын іс-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көмекке әскерилер мен өрт сөндірушілер тартылды. Билік төрт тікұшақпен зардап шеккендерді іздеуге шықты.

Табиғи апат Италияның солтүстігіне жақын шекарасында да болды. 500 милиметрлік толассыз жауын жауып, рекордтық жауын-шашын салдарынан су тасыды. Бүгінде жолдарды су шайып кетті. Су астында қалған тұрғын үйлер мен ғимараттар да бар.

- Мен бәрі бітті деп ойладым. Өте қорқынышты болды. Енді қазір тұрып жатқан қонақ үйімізді су шайып кетпесе болғаны.

- Үстімдегі бір көйлекпен қаштым. Енді үйім де, көлігім де жоқ. Қазір ауылдың тең жартысы осындай халде.

Мексикада Гамма дауылы ойран салды. Сағатына 109 шақырымды құрайтын қатты дауыл Юкатан түбегіне жеткен. Кинтана-Роо штатының билігі тұрғындарды қауіпсіз жерлерде қалуға шақырды. Синоптиктер Мексика шығанағының оңтүстігінен дауыл солтүстікке қарай бет алады деген болжам айтты. 

Камчаткадағы экоапат салдарын анықтау үшін «Гринпистің» тәуелсіз экспедициясы Ресейге аттанды. Ұйым қызметкерлері Табиғи ресурстарды қадағалау жөніндегі федералды қызметке, Тұтынушылар құқығын қорғау қызметіне, Қорғаныс министрлігіне және Ресей бас прокуратурасына үндеу жолдапты. Халықаралық экологияны қорғау ұйымы билік өкілдерінен экоапат себебін анықтайтын тергеуді бастап, салдарымен күресуді дереу арада бастауды талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы