432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таулы Карабахта қаза тапқан тұрғындар саны 18-ге жетті

  • 116
  • UPD: 10:04, 06.10.2020
Таулы Карабахта қаза тапқан тұрғындар саны 18-ге жетті

Таулы Карабахтағы қақтығыстан 18 бейбіт тұрғын қаза тауып, 80-ге жуық кісі түрлі жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлады. Ал Армения қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Әзербайжан әскері Степанакертті нысанаға алып, зымыран соққыларын жасаған. Осыған байланысты қала тұрғындары бункерлерге тығылуға мәжбүр болыпты. Бұдан бөлек, аталған ведомство Таулы Қарабақта әзербайжан әскери жасағының көзін жойғанын жеткізді. Өз кезегінде, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бірқатар позицияны бақылауына алғанын хабарлады.

Айта кетейік, екі ел арасындағы қарулы қақтығыс қыркүйектің 27-сінде басталған болатын. Қазір Армения мен Әзербайжанда әскери жағдай жарияланған.   

Хабар 24 телеарнасы