427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ердоған НАТО басшысымен кездесті

  • 93
  • UPD: 10:03, 06.10.2020
Ердоған НАТО басшысымен кездесті

Анкарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі басшы Солтүстік-атлантикалық альянс ішіндегі қарым-қатынастарды талқылады. Сонымен қатар олар Шығыс Жерорта теңізіндегі, Сирия мен Ливиядағы жағдайға да тоқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Йенс Столтенберг Таулы Карабахтағы қақтығысты тоқтатуға шақырған еді. Ал бұл мәселеде Режеп Тайып Ердоған Альянстағы одақтастарынан Анкарамен бірге болуды талап етті. Оның сөзінше, Армения басып алған Әзербайжан аумағынан кетуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы