427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада екі автомобильден 12 адам денесі табылды

  • 90
  • UPD: 09:45, 06.10.2020
Мексикада екі автомобильден 12 адам денесі табылды

Денелердің жанында тәртіп сақшылары қылмыстық ұйымға қатысы бар жазбаша хабарлама тапты.

Мексиканың Сан-Луис-Потоси штатының Дульс-Гранде аймағында, елдің орталық бөлігінде, полиция екі көліктен он ер адам мен екі әйелдің денелерін тапты. Бұл туралы дүйсенбі күні, 5 қазанда, Reuters хабарлады.

«Полиция қызметкерлері қазіргі уақытта белгісіз саналған он ер адам мен екі әйелдің өлім себептерін анықтау үшін тергеу жүргізуде», – делінген хабарламада.

Мемлекеттік бас прокуратураның мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері денелердің жанында қылмыстық ұйымға, қырғынға қатысы бар жазбаша хабарлама тапқан. Алайдажазбаның мазмұнында адамдардың өлімінің себебі ашылмайды.

Ағымдағы жылдың сегіз айында бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топ жұмыс істейтін Сан-Луис Потосиде 411 адам қаза тапты. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43%-ке көп.

Бұған дейін Мексиканың Хараль-дель-Прогресо қаласында алты белгісіз қылмыскер барға келген 11 адамды (төрт әйел мен жеті ер адам) өлтіргені туралы хабарланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы