425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бішкекте парламент ғимараты өртенді

  • 173
  • UPD: 12:38, 06.10.2020
Бішкекте парламент ғимараты өртенді

Бішкекте жанында Президент кеңсесі орналасқан Қырғызстан парламентінің ғимараты өртенді, деп хабарлайды Интерфакс.

Өрт ғимараттың батыс жағындағы төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші қабаттардағы жеке кабинеттерге тарап үлгерген.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер келді.
Бұған дейін елдегі парламенттік сайлаудың нәтижелеріне наразылық білдірушілер өрт сөндіру көлігімен парламент ғимаратының қақпасын қағып, содан кейін ғимараттың ішіне кіріп, бүлік шығарды. Куәгерлердің айтуынша, наразылық білдірушілер кабинеттердің бірін әдейі өртеп жіберген.
Бішкектегі қақтығыстар 5 қазанда Қырғызстан парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындылары жарияланғаннан кейін басталды. Демонстранттар қайта сайлау өткізуді талап етуде. Манифестанттарды тарату үшін милиция суатқыштарды, көзден жас ағызатын газды және жарық шуылы гранаталарын қолдануда. Қақтығыс салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті
Наразылық білдірушілер бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторынан, сондай-ақ елдің бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковты колониядан босатты.

Сондай-ақ:

Қырғызстанда сайлау нәтижесіне көңілі толмағандар митингке шықты 

Бішкектегі қақтығыс кезінде 120-ға жуық адам жарақат алған

Бішкекте парламент ғимараты өртенді

 

Хабар 24 телеарнасы