427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкектегі қақтығыс: елдің жікке бөліну қаупі бар

  • 213
  • UPD: 11:20, 06.10.2020

Қазір Бішкектегі тәртіпсіздік басылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қырғызстан парламенті алдындағы алаңда халық қарасы көп. Бірақ құқық қорғау орындарының өкілдері көрінбейді. Өрт сөндірушілер Парламент ғимаратындағы отты сөндіріп, көше сыпырушылар алаңды тазартып жатыр. Өзін Бас прокурор немесе Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төраға қызметін атқарушы болып жариялаған тұлғалар бар. Бірақ бұл лауазымдағы тұлғалар қызметінен кеткенін жариялаған жоқ. Соңғы мәліметтерге қарағанда, шерушілер Ұлттық сенім үкіметін құруға ниетті. Желіде Президент Сооронбай Жээнбеков елдің оңтүстігіне ұшып кетті деген мәлімет тарады. Алайда оның баспасөз хатшысы президент Бішкектен кетпегенін мәлімдеді. Айтуынша, ол парламенттік сайлау нәтижелерінің күшін жоюға дайындығын білдірді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ош қаласының алаңында жастар жинала бастады. Олар Бішкекте болған оқиғаларға өз наразылығын білдіруге шықты. Бұл революция емес, Алмазбек Атамбаев жақтастарының әрекеті дейді. Жағдай заңды жолмен реттелмесе, Бішкекке аттануға дайын. Осы өңірден шыққан Сооранбай Жээнбековтің елдің оңтүстігінде ықпалы күшті екені белгілі.

Хабар 24 телеарнасы