432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль былғары сатуға тыйым салуды жоспарлап отыр

  • 116
  • UPD: 11:58, 06.10.2020
Израиль былғары сатуға тыйым салуды жоспарлап отыр

Израиль министрі сән индустриясында былғары мен жүнді қолдануды азғындық деп мәлімдеді.

Израиль арнайы мақұлданған жағдайларды қоспағанда, жануарлардың терісін сатып алуға және сатуға тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Израильдің қоршаған ортаны қорғау министрі Гила Гамлиэль мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.

Министрлік: «Рұқсаттар ғылыми зерттеулер, білім беру немесе оқыту, сондай-ақ діни мақсаттар немесе дәстүрлер жағдайында ғана беріледі», – дейді.

Ерекшелік Израильдің көптеген ультра-православиелік қоғамдастығы үшін жасалуы мүмкін. Онда ер адамдар Шығыс Еуропада әдетке айналған «штреймель» деп аталатын үлкен дөңгелек аң терілерін киеді.

«Тері өнеркәсібі бүкіл әлем бойынша жүздеген миллион жануарлардың өліміне әкеледі және бұл сөзсіз қатыгездікті меңзейді», – деді министр.

Peta жануарлар құқығын қорғау ұйымы Израильдің ниетін құптайтынын айтты.

Өткен жылдың қараша айында Ұлыбритания патшайымы II Елизавета бұдан былай табиғи жүннен жасалған киімдерді пайдаланбауға шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы