427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Ақ үйге оралды

  • 83
Трамп Ақ үйге оралды

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйге оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған дейін ол коронавирус дертінен Уолтер Рид ауруханасында емделген еді. Дәрігерлердің айтуынша, президент тәуір болып, ауруханадан шығарылды. Соңғы бірнеше күнде Дональд Трампта дене қызуы байқалмайды, қанындағы оттек деңгейі де қалыпты. Дегенмен президент ремдесивир дәрісін қабылдауды жалғастырады. Таяуда Дональд Трамп өзін жақсы сезіп тұрғанын және жұмысқа оралуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы