428,10 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дубайда болашақ мұражайы салынды

  • 117
  • UPD: 11:56, 06.10.2020
Дубайда болашақ мұражайы салынды

Дубайда болашақ мұражайының құрылысы аяқталды.

Биіктігі 78 метрлік ғимарат 30 мың шаршы метр жер учаскесінде орналасқан. Футуристік ғимаратта барлығы 10 деңгей бар, алғашқы үшеуінде 202 көлікке арналған паркинг салынған.

Билік болашақ мұражайын Дубайдың көрнекті орындарының бірі және инновациялардың бірегей инкубаторы болады деп сенеді.

Мұражай экспозициясы қазіргі заманның қауіптері мен мүмкіндіктерін және болашақ технологияларын зерттеуге арналған. Ғимараттың сырты қапталған шыны мен тот баспайтын болатты берік ұстап тұру үшін компьютерлік технологиялардың көмегімен мыңнан астам қалып шығарылған.

Мұражайда адамның физикалық және интеллектуалдық мүмкіндіктерін кеңейте алатын, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін және 2050 жылға қарай климаттың өзгеру сценарийін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін жаңалықтар, сондай-ақ технологиялық шешімдердің үздік өнертабыстары мен перспективалық прототиптері ұсынылады.

Соңғы қабат балаларға арналған: білім беру секцияларында балалар қазіргі және болашақ мәселелерін өз бетімен зерттеп, шешеді.

Хабар 24 телеарнасы