427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандастарымнан арандатушылардың сөзіне ермеуін сұраймын – Қырғызстан Президенті

  • 192
  • UPD: 14:52, 06.10.2020

Қазір Бішкекте тәртіпсіздік басылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қырғызстан парламенті алдындағы алаңда халық қарасы көп. Бірақ құқық қорғау орындарының өкілдері көрінбейді. Өрт сөндірушілер Парламент ғимаратындағы отты сөндіріп, көше сыпырушылар алаңды тазартып жатыр. Ыстықкөл, Талас және Нарын облыстарының губернаторлары өз еркімен отставкаға кеткені мәлім болды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, шерушілер Ұлттық сенім үкіметін құруға ниетті. Ал Президент Сооронбай Жээнбеков халыққа үндеу жариялады.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз республикасының президенті:

– Өткен түні сайлау қорытындысын сылтауратып, кейбір саяси күштер қоғамдық тәртіпті бұзды. Олар тәртіп сақшыларына бағынбай, дәрігерлерді соққыға жығып, ғимараттарды қиратты. Мен азаматтарымыздың өміріне қауіп төндірмес үшін құқық қорғау органдарына оқ атпауға бұйрық бердім. Саяси партиялардың жетекшілерін өз жақтастарын сабырға келтіріп, үйлеріне таратуға шақырып отырмын. Отандастарымызды бейбітшілікті сақтап, арандатушылардың сөзіне ермеуін сұраймын.

Қырғызстандағы коммерциялық банктерге жұмысты уақытша тоқтату жөнінде кеңес берілді. Сондай-ақ елдегі тәртіпсіздіктерге байланысты мектептер қашықтан оқыту режиміне көшірілді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ош қаласының алаңына жастар жинала бастады. Олар Бішкекте болған оқиғаларға өз наразылығын білдіруге шықты. Бұл революция емес, Алмазбек Атамбаев жақтастарының әрекеті дейді жиналғандар.

Қырғызстанда ереуілшілер Алмазбек Атамбаевты абақтыдан босатып алды

Қырғызстанда сайлау нәтижесіне көңілі толмағандар митингке шықты

Бішкектегі қақтығыс кезінде 120-ға жуық адам жарақат алған

Бішкекте парламент ғимараты өртенді

Бішкектегі қақтығыс: елдің жікке бөліну қаупі бар

Президент Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады

Президенттің баспасөз хатшысы Қырғызстандағы жағдайға пікір білдірді

Хабар 24 телеарнасы