427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада коронавирус жұқтырудың тәуліктік рекорды тіркелді

  • 151
Мексикада коронавирус жұқтырудың тәуліктік рекорды тіркелді

Соңғы 24 сағатта елде 28 мыңнан астам азаматтан қауіпті инфекция табылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 3 мыңдай кісі вирустың құрбаны болды. Мұндай жағдай бірінші кезекте вирус деректерін есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, енді вирус жұқтырғандар мен өлім-жітім деректерінің жалпы санына маусым айында тіркелмеген жағдайлар қосылған. Айта кетейік, індет басталғалы Мексикада 790 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. 80 мыңнан аса азамат қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы