427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жақында ғана оқуын бастаған Нью-Йорктегі мектептер қайта жабылды

  • 125
  • UPD: 14:08, 06.10.2020
Жақында ғана оқуын бастаған Нью-Йорктегі мектептер қайта жабылды

Штат губернаторы Эндрю Куомо Бруклин және Куинс аудандарындағы кейбір білім ордаларында коронавирус індеті анықталғанын хабарлады.

Осыған дейін қала мэрі Билл де Блазио індеттің таралуын бәсеңдету мақсатымен 7 қазаннан бастап шаһардың 9 ауданында барлық мемлекеттік және жекеменшік мектептерді, балабақшаларды жабатынын жариялаған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы Нью-Йоркте коронавирусты жұқтырудың 31 мыңнан аса дерегі тіркеліп, 2 мыңнан аса адам осы дерттен көз жұмды.

Эндрю Куомо, Нью-Йорк штатының губернаторы:

– Мектептердегі тестілеу әлі толық аяқталған жоқ. Ең бірінші кезекте халықтың қауіпсіздігін ойлауымыз қажет. Мен індет ошағында орналасқан және соңына дейін тексерілмеген мектепке баламды жібермес едім. Сондықтан өзгелерден балаларын оқуға жіберсін деп нұсқау бере алмаймын.

Хабар 24 телеарнасы