427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада «Гамма» дауылынан 5 адам ажал құшты

  • 125
Мексикада «Гамма» дауылынан 5 адам ажал құшты

Мексикада «Гамма» тропикалық дауылы соқты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 5 адам көз жұмды. Мыңдаған баспананың тас талқаны шықты. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, табиғат апатынан Табаско, Чьяпас және Веракрус штаттары зардап шеккен. Дауылдан соң аймақта нөсер жауып, су тасқыны болған. Сөйтіп, көше жолдары мен аулаларды су басып, көлік қозғалысы қиындаған. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, тропикалық дауылдан шамамен 600 мыңнан астам тұрғын зардап шеккен.

Эрик Мадригал, жергілікті тұрғын:

– Су деңгейі баяу көтеріліп жатқандықтан, үйден қажетті заттарды алып шығып жатырмыз. Бірақ бәрін алып кету мүмкін емес.

Ал Францияның оңтүстігінде күн райы күрт құбылып, нөсер жауды. Салдарынан 4 кісі мерт болып, 18 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Селдетіп құйған жауын көпірлер мен үйлерді қиратып, жолдарды шайып өткен. Қазір аймақта мыңға жуық өрт сөндіруші мен құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы