429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланды

  • 124
  • UPD: 16:36, 06.10.2020
Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланды

Физика саласындағы Нобель сыйлығы Роджер Пенроуз, Рейнхард Генцель және Андреа Гезге табыс етілді.

Премия ғалымдарға қара саңылауларды зерттегендері үшін берілді.

Марапаттау рәсімі швед өнертапқышы Альфред Нобель қайтыс болған күні, 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді. Коронавирустық пандемияға байланысты салтанатты шара онлайн режимде өтеді.

Еске салсақ, медицина саласындағы Нобель сыйлығы С гепатиті вирусын ашқандарға табысталды.

Нобель сыйлығының иелеріне 1 млн доллардан беріледі.

Нобель сыйлығынан кім бас тартты?

Хабар 24 телеарнасы