428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев үй қамауына алынды

  • 257
  • UPD: 17:01, 06.10.2020
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев үй қамауына алынды

Бішкектегі сот  Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты үй қамауына алды.

Бұл туралы «Интерфакс» экс-президенттің адвокаты Замир Жоошевке сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін Первомай аудандық сотының шешімі болды. Оған сәйкес Атамбаев бұлтартпау шарасын үй қамауына өзгертті», — деді адвокат.

2017 жылы Атамбаев билікті өзінің ізбасарына және жақын серігі Сооронбай Жээнбековке берді. Көп ұзамай бұрынғы мемлекет басшысының команда мүшелеріне қылмыстық іс қозғалды. Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырып, ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп айыптады.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қазанда наразылық білдірушілер Парламент ғимаратын басып алды. Осыдан кейін олар ҰҚК аумағына кіріп, Атамбаевты босатуды талап етті. Ол 2019 жылдың тамызында тұтқындалып, содан бері ҰҚК тергеу изоляторында ұсталды.

Хабар 24 телеарнасы