427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан ОСК парламенттік сайлау нәтижесін жарамсыз деп тапты

  • 126
  • UPD: 17:28, 06.10.2020
Қырғызстан ОСК парламенттік сайлау нәтижесін жарамсыз деп тапты

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Жогорку Кенешке өткен парламенттік сайлау нәтижелерін жарамсыз деп тапты.

Бұл туралы сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, көршілес елде парламенттік сайлау 4 қазан күні өткен болатын. Кеше алдын ала дауыс беру қорытындысы жарияланған соң Бішкек орталығында наразылық акциясы басталды. Шеру соңы тәртіпсіздікке ұласып, ереуілшілер парламент орналасқан Ақ үйді басып алып, өрт қойды. Осы оқиғалардан соң Орталық комиссия бүгін сайлау нәтижесін жоққа шығарды. Парламент депутаттары болса, сағат 16.00-де шұғыл отырыс өткізуге жиналатынын хабарлады. Дегенмен, меншікті тілішіміз Бақыт Чермашевтың хабарлауынша, жоспарланған жиын өтпеген. Қазір Ала-Тоо алаңында бейбіт митинг жалғасып жатыр.

Қырғызстанда ереуілшілер Алмазбек Атамбаевты абақтыдан босатып алды

 

Қырғызстанда сайлау нәтижесіне көңілі толмағандар митингке шықты

 

Бішкектегі қақтығыс кезінде 120-ға жуық адам жарақат алған

 

Бішкекте парламент ғимараты өртенді

 

Бішкектегі қақтығыс: елдің жікке бөліну қаупі бар

Президент Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады

Президенттің баспасөз хатшысы Қырғызстандағы жағдайға пікір білдірді

Хабар 24 телеарнасы