427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада шектеу шаралары қайта күшейтілді

  • 99
  • UPD: 18:49, 06.10.2020

Еуропада коронавирустың екінші толқынына байланысты шектеу шаралары қайта күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Парижде жергілікті полицияның хабарлауынша, кішігірім кофеханалар мен сыраханалар екі аптаға жабылады. Осы арқылы індеттің өршуіне жол бермеу көзделген. Ал, мейрамханалардың ішінен қатаң санитарлық ережені сақтағандар ғана жұмысын ары қарай жалғастыра алады. Жаттығу залдары мен бассейндер де әзірге екі аптаға жұмысын тоқтататын болды.

Бертран Блуин, жергілікті тұрғын:

- Халықтың жаппай көп жиналуына тыйым салу орынды. Ал, кішігірім барларды неліктен жапқанын түсінбедім. Тұрғындар жұмысқа барып-ақ коронавирусты жұқтырып жатыр ғой.

Шектеу шараларын күшейту Испанияда да жалғасып жатыр. Билік Мадридтан кейін тағы Кастилия облысына қарасты Паленсия мен Леонда қатаң шектеу шараларын енгізді. Бүгіннен бастап тұрғындар нақты себепсіз қала аумағынан шыға аламайды.

Сондай-ақ Ирландия үкіметі сәрсенбіден бастап барлық ел аумағында шекету шараларын күшейту шешімін қабылдады. Адам көп жиналатын іс-шаралардың кез-келген түрін өткізуге тыйым салынады. Оқу, жұмыс барынша қашықтан жүргізілмек.

Хабар 24 телеарнасы