428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ пен Ұлыбританияда Cineworld компаниясының 663 кинотеатры жұмысын тоқтатады

  • 128
  • UPD: 18:42, 06.10.2020
АҚШ пен Ұлыбританияда Cineworld компаниясының 663 кинотеатры жұмысын тоқтатады

Әлем бойынша ауқымдылығы жағынан екінші орынға ие кинотеатрлар желісі жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Cineworld компаниясы осылай деп мәлімдеді. Яғни, Америка Құрама Штатында осы компанияның 536 кинотеатры, Біріккен Корольдікте 127 кинотеатры белгісіз мерзімге жабылатын болды. Бұл жаңалықтан соң 45 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Cineworld компаниясының басшысы бұған коронавирус салдарынан туындаған дағдарыс себеп деп отыр. Өйткені пандемияға байланысты Солтүстік Америка, оның ішінде Нью-Йорк және Калифорния штаттарында шектеуге байланысты кинотеатрлар жұмысы тоқтаған. Одан бөлек, киностудиялардың да тұсаукесер өткізіп, фильмді прокатқа шығаруына мүмкіндік болмай отыр.

Муки Грейдингер, Cineworld компаниясының басшысы:

- Нью-Йоркте кинотеатрлар ашылмайынша, студиялардан тұсаукесерлер тізімі келіп түспейтіні анық. Сондықтан жұмысты уақытша тоқтатып, пандемияның басылғанын күткеннен басқа амал жоқ.

Хабар 24 телеарнасы