428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар: Камчаткадағы экологиялық апат улы қалдықтардан болуы мүмкін

  • 163
  • UPD: 18:50, 06.10.2020
Мамандар: Камчаткадағы экологиялық апат улы қалдықтардан болуы мүмкін

Ресейде жаппай теңіз жануарлары қырылған экоапат себебіне қатысты болжам жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Камчатка өлкесі басшысының айтуынша, теңізге екі улы қалдықтар сақталатын полигоннан қауіпті заттар келіп түскен. Ол Козельский және Радыгинский полигонының улы химикаттары болуы мүмкін. Бұл ресми өкілдердің алғаш рет экоапат себебіне осы полигондарды қосуы.

Айта кетейік, бұған дейін Козельский жанартауының астына улы химикаттарды көму кезінде тарап кету фактісі тіркелген. Бүгінде ресми ақпарға сай 1970 жылдан бері полигонда 100 тоннадан астам қауіпті зат сақталып келеді.

Хабар 24 телеарнасы