428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК: Жаңа парламенттік сайлау екі аптаның ішінде өтеді

  • 82
  • UPD: 19:16, 06.10.2020
ҚР ОСК: Жаңа парламенттік сайлау екі аптаның ішінде өтеді фото: РИА Новости

Соңғы ақпаратқа сай Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы екі аптаның ішінде қайтадан өтетін парламенттік сайлаудың мерзімін белгілеуі тиіс.

Бұл туралы сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Жогорку Кенешке өткен парламенттік сайлау нәтижелерін жарамсыз деп жариялаған болатын. Айта кетейік, көршілес елде парламенттік сайлау 4 қазан күні өткен болатын. Кеше алдын ала дауыс беру қорытындысы жарияланған соң Бішкек орталығында наразылық акциясы басталды. Шеру соңы тәртіпсіздікке ұласып, ереуілшілер парламент орналасқан Ақ үйді басып алып, өрт қойды. Осы оқиғалардан соң Орталық комиссия бүгін сайлау нәтижесін жоққа шығарды. Парламент депутаттары болса, сағат 16.00-де шұғыл отырыс өткізуге жиналатынын хабарлады. Дегенмен, меншікті тілішіміз Бақыт Чермашевтың хабарлауынша, жоспарланған жиын өтпеген. Қазір Ала-Тоо алаңында бейбіт митинг жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы