427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан премьер-министрі отставкаға кетті

  • 130
  • UPD: 23:14, 06.10.2020
Қырғызстан премьер-министрі отставкаға кетті фото: РБК

Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Боронов отставкаға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Жогорку Кенештің жаңа спикері Кенеш Абдылдаев мәлімдеді. Бұған дейін парламент спикері Дастанбек Джумабековтің де отставкаға кеткені жарияланған еді. Акипресс агентігінің мәлімдеуінше, бұл ақпарат Достық қонақ үйінде өтіп жатқан Жоғарғы кеңестің шұғыл отырысында айтылған. Әзірге билік өкілдері бұл ақпарды ресми түрде растаған жоқ. Бұл арада Еуроодақ Қырғызстандағы саяси бірлестіктері шиеленісті бейбіт түрде шешіп, жаңа ашық сайлау өткізуге шақырды.

Хабар 24 телеарнасы