429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкекте көшелерді халық жасақтары күзетуге кірісті

  • 153
  • UPD: 10:36, 07.10.2020

Парламенттік сайлаудан кейін тәртіпсіздіктер болған Қырғызстан астанасы көшелерін халық жасақтары күзете бастады. Олар қала мэриясымен бірге басқа да нысандарды қорғауға алған.

Себебі Бішкекте тонаушылық әрекеттер белең алды. Белгісіз топтар қаладағы Қаржы полициясының ғимаратына шабуылдап, дәмханаларды талқандауға тырысқан. Ал соңғы ақпарға қарағанда Ала-Тоо алаңына жиналған халық тарқаған. Бірақ парламенттің шұғыл отырыс өткен «Достық» қонақ үйінің маңында тәртіпсіздіктер болған.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні кешкісін парламенттік сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін Бішкекте наразылық шерулері басталып полициямен қақтығыс болды.

Хабар 24 телеарнасы