429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малайзия халқының биліктің індетпен күрес шараларына көңілі толмайды

  • 115
  • UPD: 09:35, 07.10.2020
Малайзия халқының биліктің індетпен күрес шараларына көңілі толмайды

Үндістанда коронавирустан көз жұмғандар саны артты. Тіпті Нью-Делидегі зиратта құрбандарды жерлейтін бос орын қалмаған. Билік қазір бейіт аумағын кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл қорымға соңғы алты айда ковид-19 вирусымен күресе алмай көз жұмған 700 адам жерленген.

Айта кетейік, бүгінде Үндістанда коронавирусты жұқтырғандар саны 7 миллионнан асты. 

Мохаммад Шамим, зират қызметкері:

- Бұл қорым аумағындағы барлық бос орынға құрбандар жерленді. Тіпті қазір қосымша жер бөліп жатыр. Техниканың көмегімен ол аумақты тазалап, кеңейтіп жатырмыз. Шамамен тағы 400 құрбанды жерлейтін орын бөлінеді.

Коронавирусты жұқтырғандар саны Грекияда да артқан. Өткен тәулікте 300 адамнан вирус белгілері анықталды. 8 науқас кеселмен күресе алмай көз жұмды. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері күн суыған сайын індетті жұқтырғандар саны артуы мүмкін деп отыр. Билік өкілдері тұрғындардың бетперде кию талабына бей-жай қарап отырғанын айтады. Адамдар күндіз маска таққанымен кешкісін бетпердесіз жүретін көрінеді.

Малайзия тұрғындары болса биліктің короанвируспен күресу саясатына көңілі толмай отыр. Жақында елдің премьер-министрі де ковид-19 ды жұқтырып алған болатын. Саясаткер қазір оқшаулану режимінде. Одан бөлек соңғы күндері Малайзияның бірқатар штатында індетті жұқтырғандар саны күрт артқан. Оның ішінде, парламенттік сайлау өткен Сабах штаты да бар. Ізінше бұл аудан вирустың ошағына айналды. Бүгінде Малайзияда коронаиврусты жұқтырған 12 мың науқас тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы