428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тираннозавр қаңқасы аукционда 31,8 млн долларға сатылды

  • 73
  • UPD: 09:34, 07.10.2020
Тираннозавр қаңқасы аукционда 31,8 млн долларға сатылды

Жер бетінде шамамен 67 млн жыл бұрын өмір сүрген тираннозаврдың қаңқасы аукционда 31,8 млн долларға сатылып, рекорд орнатылды.

Бұл туралы ақпарат Christie's аукцион үйінің сайтында жарияланды.

«Christie's сауда-саттықта жаңа әлемдік рекорд орнатты. Стэн есімді тираннозавр 31 847 500 долларға сатылды», - делінген хабарламада.

Бұл – 188 сүйектен тұратын ең толық және жақсы сақталған тираннозавр қаңқаларының бірі. Оның фрагменттері 1987 жылы әуесқой палеонтолог Стэн Сэкрисонның Оңтүстік Дакотадағы қазба жұмыстары кезінде табылған.

Сарапшылардың пікірінше, тираннозаврдың салмағы 7-8 тонна болған, ол африкалық пілден екі есе үлкен. Азу тістердің ұзындығы 27 см-ден асады.

Осы уақытқа дейін 1997 жылғы рекорд сақталып келді. Ол кезде тираннозаврдың қаңқасы Чикагода өткен аукционда 8,36 млн долларға сатылды.

Хабар 24 телеарнасы