427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пашинян Әзербайжанды ортақ келісімге шақырды

  • 138
  • UPD: 10:38, 07.10.2020

Армения премьер-министрі Никол Пашинян француз ақпарат агенттігіне берген сұхбатында егер Әзербайжан Таулы Карабах бойынша кейбір талаптарынан бас тартса, Армения да келіссөз жүргізуге дайын екендігін мәлімдеді. 

Армян басшысының айтуынша, шиеленіс қақтығысушы тараптар бір-бірінің талаптарына құлақ асып, келісім арқылы шешілу керек.

«Егер Баку шиеленісті шешуге қадам жасаса, Ереван мен Таулы Қарабақ та қарап қалмайды» деді ол.

Әзербайжан тарапы Пашинянның мәлімдемесіне әлі жауап қатқан жоқ.

Еске сала кетейік, қыркүйектің 27-сі күні Таулы Карабахта қақтығыс басталып, аймақтағы жағдай ушығып кетті.

Хабар 24 телеарнасы