428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинаның газ компаниясы шығынға шырмалуы мүмкін

  • 103
  • UPD: 10:44, 07.10.2020
Украинаның газ компаниясы шығынға шырмалуы мүмкін

Украинаның мұнай мен табиғи газды өндіру, тасымалдау және өңдеумен айналысатын мемлекеттік компаниясы үлкен шығынға батуы мүмкін.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, биыл кәсіпорын кем дегенде 137 жарым миллион доллар жоғалтуы ықтимал. Ал жағдай қиындаса, бұл сома 220 миллионға  жуықтайды. Бұл кәсіпорынның сауда көлемінің азаюымен байланысты. Егер жағдай өзгермесе, сарапшылар үш жылдан кейін компания шығыны 4 есе артады деп болжап отыр.

Хабар 24 телеарнасы